Мектеп тәрбие жұмысы

Рассмотренных обращений: 0
Не рассмотренных обращений: 3

Новостная лента Slash2
Автор: А. Жумабай

Сынып жетекшісіне көмек

Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда сынып

жетекшісінің рөлі  

1.Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының мазмұны 

Мектеп өмірінде мұғалім- басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы- кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қызметіне қосымша іс рнтінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық іс әрекеті қарастырады. Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға қажет. Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол- сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынасы қалыптасады. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға  бейімделуі, олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың  жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады.

Олай болса, сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі. Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызық ұйымдастыруға тырысады.

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты- мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой,адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайына байланысты қарастыру.

Сынып жетекшінің міндеті – сан алуан. Сал себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді. 

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай? 

1.     Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.

2.     Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.

3.     Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың  ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.

4.     Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.

5.     Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.

6.     Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

7.     Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.

8.     Тәрбие қызметінің тұтастылыған, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.

9.     Тәрбиенің негізгі бастауы- ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру т.б.    

Сынып жетекшінің қызметі

Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады. Соған сәйкес оның қызметін 3 бағытта қарастыруға болады.

1.     Педагогикалық және әлеуметтік – гуманитарлық. Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуна жағдай тудыруға, баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің басқа да мекемелерімен тығыз байланыс орнату. Рухани- адамгершілік және рухани эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.

2.     Ұйымдастырушылық қызметі.  Тәрбие процесін ұйымдастыру. Балалардың орынды талап-тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру. Олардың танымдық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру. Сыныптағы өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру, дамыту.

3.     Оқушылардың жалпы әрекетін басқару. Оған: нақтамалық, мақсат қоюшылық, жоспарлау, болжам жасау, немесе жобалау, бақылау және түзету, енгізіп отыру қызметін жатқазуға болады.

Нақтымалық қызметі сыныпта оқу-тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыру үшін, оның жетекшісі оқушылар тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру барысын анықтап отыруды, соған сәйкес оқушылардың тұлғалық және жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және оған талдау жүргізу; сыныптағы келеңсіз жағдайлардың себебін іздестіріп, анықтап, оны болдырмаудың тәсілдері мен жолдарын қарастыруды көздейді.

Сынып жетекшісі осындай жұмыстарды атқару барысында , біріншіден, өзінің педагогикалық әрекетінің нәтижесін көре алады. Екіншіден, нақтама, яғни зерттеу жұмысының нәтижесін пайдалануда, оны баланың жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту құралына айналдыру мүмкіндігі туындайды. Бұл процес оқушылардың жас ерекшелігі сынып ұжымының қалыптасу дәрежесіне байланысты жүзеге асады.

Тәрбие жұмысының мақсаты баланың жек тұлғасының даму процесін басқару міндеттерін анықтайды. Сондықтан, сынып жетекшісінің  мақсат қоюшылық қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады. 

Жоспарлау- бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және сынып ұжымының оқу-тәрбие процессінднгі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы  маңызды буын. Жоспардың қызметі- педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тиімділігін  қамтамасыз етуді көздейді. Жоспарлау – мақсатқа жетудің бірден-бір негізгі жолы.

Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш күнін, болашағын болжау, оны жобалаудың да маңызы ерекше. 

Сынып жетекшісінің оқушылардың оқу және тәрбие процесіне бақылау жүргізіп және оны түзетіп отыруы – бұл оның нәтижесін, сапсын қадағалауға мүмкіндік беріп, оны үнемі жетілдіріп отыруды қамтамсыз етеді. Бақылаудың нәтижесіне талдау жасау барысында сынып жетекшісі қажет болған жағдайда балалар ұжымы немесе жекелеген оқушылардың әрекеттеріне түзету енгізуді жүзеге асырады. Сынып жетекшісінің оқу-тәрбие процесін бақылауы және түзетіп отыру қызметі тек оқушылармен және пән мұғалімдерімен бірлескен жұмыстары барысында ғана жүзеге асады.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бірыңғай ұйымдастырушалық және педагогикалық міндеттерді шешуді қарастырады. Ол оқушының жан-жақты нәтижелі дамуын, саған сәйкес тәрбие міндеттерін шешудің формалары мен тәсілдерін таңдап және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Ол негізінен 3 бағытта жүзеге асады.

1.     Оқушыға тікелей ықпал жасау:

·         Оның дара даму ерекшелігін, қызығушылығын,қоршаған ортасын танып білу;

·         Тәрбие ықпалын алдын ала болжау, жобалау;

·         Жеке дара және ұжымдық жұмыста тәрбие формалары мен тәсілдерін жүзеге асыру;

·         Тәрбие ықпалының нәтижесіне талдау жүргізу.

2.     Тәрбиелеу ортасына жағдай тудыру

Оқушылар ұжымын қалыптастыру;

1.  Онда жағымды көңіл-күйді қалыптастыру;

2.  Оқушыларды әлеуметтік әрекетке қатыстыру;

3.  Оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту.       

3.     Баланың әлеуметтік қатынасына ықпал ететін әр түрлі субьектілерге көмектесу, бақылау жасау:

•        отбасына әлеуметтік қолдау көрсету;

•        мұғалімдер ұжымының өзара педагогикалық әрекетіне қолдау көрсету ; 

•        бұқаралық ақпарат құралдарының балаға ықпалын бақылау;

•        мектептен тыс тәрбие мекемелерімен өзара бірлескен іс- қимыл жасау.  

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының мақсатын анықтауы

Педагогика ғылымында тәрбие жұмысының мақсатын анықтау негізгі мәселенің бірі.Себебі, қандайда болмасын әрекеттің түрі, мақсатқа сәйкес туындайды. Мақсат болмаса,әрекет те болмайды.

Сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі

  Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу жолдары

Бүгінгі ақиқат өмірдегі қарқынды реформалау жағдайы мектеп мұғалімдерінің оқушының жеке тұлғасы мен оқушылар ұжымының ерекшеліктерін зерттеудің, саның негізінде тәрбие процесінің нәтижесін, тиімділігін арттырудың ғылыми- педагогикалық және психологиялық әдістемесін танып білуге  біршама қызығушылығын тудырып отыр. Оның себебі, біріншіден, жаңа жағдайға сай балалар мен ата-аналардың көзқарастарының өзгеруі , біздің елдегі және әлемдегі болып жатқан қарқынды даму жағдайды, қоғамның құндылық бағдарының жаңа сипатқа ие болуы, соған сәйкес мектептегі оқу және тәрбие жұмыстарының стратегиясы және тактикасының мазмұнының жаңаруы, жастардың мінез-құлқы мен әрекеттерінде кейбір келеңсіз құбылыстың пайда болуы әсер етуде. Мұндай жағдай балалардың дамуы мен тәрбиесін қазіргі ақиқат өмірмен байланыстыра қарастыруды міндеттейді.

Екіншіден, қоғамның бүгінгі жаңа сипатқа ие болу жағдайында өмір сүріп жатқан балалар өзгеше бір күй кешуде.Ол, бір жағдайда үлкенднр алдында өздерінің тұйықтылығымен әсер қалдырса, яғни ата-аналары мен ұстаздары алданда бір, ал жеке немесе жолдастары ортасында басқа мінезде болып көрінуге тырысады.

Сондықтан, қазіргі мектеп мұғалімінің қоржынында оқушының жеке тұлғасы және оқушылар ұжымын зерттеудің жан-жақты бай ғылыми әдістемесі жинақталған.Олар: педагогикалық, социологиялық, этикалық т.с.с. болып келеді.

Сыныпты жаңадан қабылдап алғаннан кейін, оның жетекшісі  зерттеуді оқушылардың құжаттарымен танысудан бастайды.Оқушыларға жазылған мінездемелер, жылдық баға қорытындылары, сынып жиналыстарының хаттамалары, денсаулықтарына қатысты анықтамалармен толық танысып,өзінен бұрынғы жетекшілік еткен немесе бастауыш сынып мұғалімінен әрбір оқушы туралы толық мәлімет алады.

Оқушының жеке басын және сынып ұжымын танып білуге болады. Зерттеу жұмысын ұйымдастыруға байланысты қандай педагогикалық талаптар қалыптасқан:

1.     Зерттеуді бастамас бұрын, ең алдымен оның мақсатын анықтау.

2.     Зерттеу барысында оның жоспары құрылып, жүйелігін қамтамасыз ету.

3.     Зерттеуді оқушының өмірі мен түрлі әрекетінің табиғи жағдайында жүргізу.

4.     Зерттеу жұмыстарының барысында нысананың жариялығын болдырмау.

5.     Зерттеу жұмысын ұйымдастыру мен нәтижесінің объективтік жағдайларын қамтамасыз етуде әртүрлі тәсілдерді пайдалану.

6.     Зерттеу барысында оқушының жеке басының мінез-құлық ерекшеліктерін жан-жақты танып білуді қамтамасыз ету.

7.     Зерттеу барысында жазба және талдау жұмыстарын үнемі атқару.

8.     Зерттеу жұмыстарының нәтижесіне қорытынды жасау, оқушыларға психологиялық мінездеме жазуды әдетке айналдыру.

Зерттеу жұмыстары барысында аталған талаптардың орындалуын қадағалау, оны нәтижелі ұйымдастырудың басты шарты. Зерттеу жұмысы ұзақ және күрделі процесс. Мұндай жағдайда сынып жетекшілерінен педагогикалық- психологиялық білімдерді терең меңгеруді, зерттеу жұмыстарын шығармашылықпен ұйымдастыруды әрі олардан төзімділікті қажет етеді.

Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары

Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары- міндетті педагогикалық құжат. Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Жоспар болмаған жағдайда тәрбие процесінде көп қиыншылықтар туады.

Жоспар- тәрбие жұмысының айнасы. Ол сынып жетекшісі мен оқушылар ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарындағы оның мақсат- міндеттері және мазмұнымен танысу барысында, белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік деңгейінің сапасын, адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығы мен жеке бастарының кемшілігін т.б. қасиеттерін байқауға болады. Ол үшін тәрбие жоспары объективтік тұрғыда сыныптағы оқушылардың нақтылы жағдайларын ескере отырып жасалуы тиіс. Сонда ғана мектеп оқушыларын тәрбиелеу қоғамның талабына сай нәтижелі жүргізіледі.

Мектептегі сынып жетекшісінің тәжірибесінде оқушылардың қабілеті мен қызығуын, жеке басының ерекшеліктері мен сұраныстарын ескермей, үстірт жасалатын жоспарлар көп кездеседі. Сандай-ақ тәрбие жоспарларын бір-бірінен көшіріп алатын немесе биылғы жоспарын келесі жылы қайта көшіріп қоя салатын сынып жетекшілер көптің қасы.

Тәрбие жоспары – сынып жетекшісінің шығармашылық зертханасы.

Олай дегеніміз, жоспар бір күннің немесе бір оқу жылының нәтижесі емес. Бала тәрбиесі қиын болса, оны қоғамның, жеке тұлғаның жеке тұлғаның талабымен ұштастыра құру – одан да қиын туғызады. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінен ерінбей, талмай ұзақ мерзімде зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.

Жоспар жарты жылға немесе тоқсанға арнап жасалады. Тәжірибелі сынып жетекшісі тоқсандық жоспардан, айлық және апталық жоспар құрып алады. Бұлай жұмыс жасау жоспардың икемділігі мен тиімділігін арттырады.   

Тәрбие жоспарының үлгісі

1.     Сынып жайлы мәлімет: сынып, сынып белсенділері, балалардың тәртібі, денсаулығы, сабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата-аналары, белгілі бір ұйымға қатысы, қоғамдық тапсырмасы, тұрғылықты мекен- жайы туралы қысқаша сипаттама беріледі.

2.     Өткен оқу жылына сай атқарылған тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша талдау.

3.     Жаңа оқу жылына сай белгіленген тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау.

1.    Сынып ұжымын ұйымдастыру: (формасы- сынып сағаты), тақырыптық әңгімелер, саяси хабарлама, оқырмандар конференциясы, пікірталас, сұрақ-жауап кеші, олимпиада, көңілділер мен тапқырлар клубы, еңбекке қатысты істер, спорттық және мәдени шаралар, кездесулер, бұқаралық шаралар жатады.

2.    Бұл бағытта сыныпқа қатысты ұйымдастыру шаралары белгіленеді (Ұйымдастыру формасы- сынып жиналысы). Онда оқушылардың оқу, тәрбие және қоғамдық пайдалы істеріне қатысты  ұжымдық шараларды жоспарлау, оларды ұйымдастыру жұмыстары көрсетіледі. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарына қатысты сынып жиналысының тақырыбын, олардың күн тәртібін белгілейді, сынып жетекшісі  әр түрлі үйірмелер мен клубтар жұмысының  тақырыбын жоспарға кіргізе отыра: көмек көрсету, ақыл-кеңес беру оларға өзінің тікелей қатынасын көрсетеді.

3.    Сол сыныпта істейтін барлық пән мұғалімдері, пәндік үйірмелерінің жетекшілерімен байланыс орнатып, олардың жоспарлауында оқу- тәрбие жұмыстарына арналған бұқаралық шаралары белгіленіп, өзара жауапкершіліктері анықталады, өзара әректтері көрсетіледі.

4.    Отбасы мен жұртшылықпен жұмыс: оқушылардың ата-аналарымен байланыс орнату, ата-аналар лекториясының тақырыптарын белгілеу. Мектеп ата-аналар комитетінің жоспарынан: ата-аналар жиналысының тақырыбын, мерзімін, олардың отырыстарын , шараларды өзінің жоспарында көрсете отырып, олардың өзара байланысын қамтамасыз ету секілді жұмыстар белгіленеді.

5.    Жеке оқушымен жұмыс: бұл бөлімде сыныптағы кейбір оқушының сабақ үлгеріміне, тәртібіне қатысты, оның қабілетін шыңдауға сай жұмыстардың түрлері кіреді.            

Сынып жайлы мәлімет, өткен оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының нәтижесіне талдау, жаңа оқу жылына арналған сол сыныптағы тәрбие жұмыстарының міндеттері негізінде оқушылармен, ата-аналармен, қоғамдық ұйымдар, және пән мұғалімдерімен бірлесе атқаратын іс-әрекеттердің түрімен, әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар мазмұны және формалары төмендегідей бөлімдерде көрсетіледі.  

 

 

Апта аралығын көрсету

Негізгі бөлімдер

Тәрбиелік шаралардың мазмұны

Формасы  мен  тәсілі

Мерзімі, уақыты 

Жауапты адамдар

Өтілгені туралы белгі

 

1.    Сынып ұжымын ұйымдастыру

 

 

 

 

 

 

2.    Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары және балалардың бірлестіктері мен өзара әрекеттері

 

 

 

 

 

 

 

3.    Пән мұғалімдері және мектеп әкімшіліктерімен байланыс

 

 

 

 

 

 

4.    Отбасы және жұртшылықпен жұмыс

 

 

 

 

 

 

5.    Жеке оқушымен жұмыс

 

 

 

 

 

 

                        Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар  

1.     Жоспар ұжымдақ еңбектің белгісі. Сондықтан тәәрбие жоспарын құру барысында оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.

2.                      Тәрбие жоспарының мақсаты, міндеттері айқын болсын.

3.    Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте болуы қажет.

4.    Оқушылардың жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескеру.

5.    Тәрбие жоспары ықшамды, әрі ондағы көрсетілген шаралар орындалатын болсын.

6.    Тәрбие жоспарындағы атқарылатын шаралар саны жағынан емес, сапасымен анықталатын болсын.

7.    Тәрбиелік атқаруда қолданылатын әдістер бір сарынды емес, әртартпа және әржақты болуын ескеру керек.

8.    Жоспар құру барысында сынып жетекшісі оқушылардың не нәрсеге қызығатынын, олардың қандай істерді өткізгісі келетінін, ұсынылған шараларға қалай қарайтынын анықтауы қажет.

9.    Жаспардағы тәрбиелік шаралар жүйелі, бірізділікпен құрылуы тиіс.

10.                      Тәрбиенің салаларына қатысты белгіленген шаралар жеке-дара емес, біртұтастық ұстанымға сай құрылуын ескеру.

Тәрбие жоспарын қалай құруға болады?

1.     Мектеп өміріне қатысты және қазіргі кездегі мектеп пен міндеттерін анықтайтын мемлеттік құжаттармен танысу; Білім және ғылым минстрлігінің оқу-әдістемелік  журналдарымен танысу; тәрбиенің, жоспарлаудың әдістемесі мен технологиясының өзекті мәселесіне қатысты психология және педагогика, әдістемелік әдебиеттерді оқу.

2.     Балалардың жас ерекшеліктері, сынып ұжымының даму деңгейі, мектеп, мұғалімдер ұжымы, отбасы және тұрғылықты жердегі тәрбие мекемелерінің ерекшеліктерін ескере отыра мақсат пен міндеттерін анықтау. Мақсатқа сәйкес оның стратегиялық міндеттері белгіленеді.Мысалы: «Мәдениет құндылықтарын меңгеру арқылы жоғары сынып оқушыларының (9-11) рухани дамуын ынталандыру». Оның міндеттеріне:

1.    Оқушылардың сабақтан тыс зияттық- танымдық әрекеттерін ұйымдастыру.

2.    Салауатты өмір салтына ынталандыру, ол үшін өздерінің бағдарламасын құру.

3.    Оқушыларды мәдениет құндылықтарымен тығыз қарым –қатынас жасауға ынталандару.

4.    Оқушаларды қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, өздерінің қолдары бос уақаттарын тиімді пайдалануға және демалыстарын қызықты өткізуге  сай әр түрлі әрекеттерін ұйымдастыру. 

1.    Мектептің, тәрбие мекемелері мен бірлестіктердің  және пән үйірмелерінің болашақ тәрбие жоспарымен танысу, алдыңғы қатарлы озық сынып жетекшілерінің тәжірибелерімен танысу, пән мұғалімдері және ата-аналармен пікір алмасу.

2.    Оқушылардың жеке тұлғасы мен сынып ұжымын зерттеп тану.

3.    Алдағы мерзімде болатын айтулы даталы күндер мен мейрамдарды анықтау, солардың ішінде ең қажеттісін таңдау.

4.    Болашақта балалармен баратын мәдени ошақтарды айқындау.

5.    Жоспарлау. Оқушылардың немесе белсенділерді жоспарлауға, оны талқылауға тарту. Жоспардың жобасын жалпы сынып жиналысында талқылау және бекіту.

Мектептің және сыныптың ерекшелігі, бағдарына байланысты  тағы басқа қосымша әрекеттің болуы мүмкін.

 

Сынып жетекшісі және оқушылар ұжымын тәрбиелеу

Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндеті – оқушылардың жеке басын қоғамның талабына сай тәрбиелеу. Бұл міндетті орындау, әдетте оқушылар ұжымын қалыптастырудан басталады.  

Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлағанда оның ең басты, шешуші саласы балалардың достығы жарасқан тату-тәтті, іскер ұжымын құру екендігін ұмытпауы тиіс. Оқушылар ұжымының өмірін қызықты Ұйымдастырмайынша, мектеп алдында тұрған  міндеттерді орындау мүмкін емес. «Ұжым»- латын тілінен енген ұғым. Ол бізге әр түрлі түсінікті ұғындырады: жиналған жұрт, жиын, топ, бірлестік т.с.с. Нақтылағанда – оны әрекеттің түріне байланысты адамдардың тобы деп түсінген дұрыс.

Дегенмен, қандай да бір топты «ұжым» деп айтуға бола ма?  Әрине, ол олай емес.Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде  «ұжымды» екі  түрде түсіндіреді. Біріншісі, қандай да бір ұйымдасқан адамдар тобы, екіншісі, тек жоғары деңгейде  ұйымдасқан адамдар тобы немесе бірлестік.

Ал оқушылар ұжымына  келсек, оның өзіндік белгілері бар. Атап айтсақ:

1.    Жалпы әлеуметтік маңызы бар ортақ мақсаттың болуы. Мақсат қандай да болмасын топта болады.Мысалы, көлікке отырған жолаушыда, балалардың тұрғын жайындағы жолдастары ортасында, тіпті қылмыскерлер ортасында да болады.Ал біздің әңгіме қозғап отырған оқушылар ұжымына келсек, ондағы мақсаттың сипаты лоардан тіпті бөлек. Ол қоғам және мемлекет тарапынан қолдауға ие болып, басымдылық танытатын мемлекеттік идеология және заңдар  мен Ата заңға қайшы келмей, солардың шеңберінде әрекет жасайды.

2.    Әрекет етуде өзара бірлескен іс-қимылдың болуы. Балалар ортақ мақсатқа жетуде бірлесе іс-қимыл жасайды. Ол үшін оның әрбір мүшесі бірлескен өзара әрекетке белсенді қатысуы міндетті.

3.    Өзара қарым-қатынаста жауапкершіліктің болуы. Яғни, өзара әрекеттесу барысында, оның әрбір мүшесінен жағары жауапкершілік талап етіледі.

4.    Ортақ сайланған басқару ұйымның болуы. Ұжымда демократиялық қатынас орнайды. Соған сәйкес белгілі бір басқару ұйымы құрылады. Ол тікелей және ашық сайлау негізінде қалыптасады.

Ұжымда қалыптастырудың жоғарыда аталған белгілерінен басқа тағы да өзгешеліктердің болуы мүмкін. Бұл белгілер бұл ұжымның ішкі қалыптасу құрылымы мен психологиялық жай-күйдің және оның әрбір мүшесінің бір-бірімен өзара қарым-қатынасының көрінісі немесе өлшемі ретінде сипатталады. Сондықтан , жақсы ұйымдасқан ұжымда өзара көмек және өзара жауапкершілік, бір-біріне тілектестік  және адал ниеттілік, сын және өзара сын орнығады.

Мектеп ұжымы құрылымындағы ең тұрақты ұжым  болып – сынып ұжымы есептелінеді. Соның негізінде оқушылардың негізгі оқу әрекеті  жүзеге асады. Тек сынып ұжымында ғана оқушылар арасында өзара байланыс және қарым-қатынастың  алғы шарттары пайда болып, берік қалыптасады. Соның шеңберінде жалпы мектеп ұжымының іргесі қаланды.

Олай болса оқушылар ұжымы деп  - ортақ әлеуметтік маңызы бар мақсатқа біріккен, соған сай белсенді әрекет ететін  және ортақ сайланбалы ұйымы бар , барлық мүшелерінің құқақтары мен міндеттері бірдей және өзара жауапкершілікке  негізделген оқушылар тобын атаймыз.

Оқушылар ұжымын қалай ұйымдастыруға болады?

Оқушылар ұжымының күнделікті ісі белгілі бір сыныптағы балалардың басым көпшілігінің мінез құлқына, аңсары ауып тұратын ісіне жауап беретіндей ұйымдастырылуы қажет.

Сынып оқушыларының өзін-өзу басқару ұйымдары және оны ұйымдастыру

Оқушылардың өзін-өзі басқаруы – олардың мектеп жағдайындағы өмірлерін ұйымдастырудың басқа формаларына қарағанда демократиялық тұрғыдағы түрі. Мысалы, сынып жетекшісі сынып ұжымын ұйымдастыруда оған балалардың белсенді қатынасын ескермесе, ол өктемшіл басқару жүйесі болып есептелінеді. Бұған керісінше, оқушылар  өздерінде туындап отырған мәселелерді өздері шешіп отырса, онда ол демократиялық жүйе болып саналады.

Оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту сынып ұжымын басқару жүйесіне көшуді қамтамасыз ететін біртіндеп өзгермелі үздіксіз сапалы процесс. Сондықтан да оның қозғалмалы күші ең алдымен оқушыларға бағытталған. Себебі, ол өзінің болашақ қоғамдық маңыздылығымен ерекше.

Олай болса өзін-өзі басқаруы – қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуде оқушылар ұжымының өмірін ұйымдастырудың демократиялық бағыттағы формасы. Соған сәйкес оның өзіндік белгілері бар:   

·        Оқушылар ұжымының белгілі бір мәселеге қатысты өз алдына дербес шешім қабылдауы және оны жүзеге асыруы мүмкіндігінің болуы;

·        Дербестігін дамыту мүмкіндігінің болуы;

·        Сынып ұжымының өмірін педагогикалық тұрғыдан демократиялық жолмен ұйымдастыру мүмкіндігінің болуы;

·        Ұжымның әрбір мүшесінің оқушылардың сынып, мектеп және қоғамдық өмірлерін басқаруға дайын бола білуі ;

Бұдан шығатын қорытынды ретінде, өзін-өзі басқарудың шартты түрде алынған негізгі ұстанымына:

4.  «өзіміз шараны ұйымдастырамыз»; 

5.  «өзіміз жоспарлап, өзіміз оны атқарамыз»;

6.  «өзіміз қорытынды жасаймыз»; қағидаларын жатқызуға болады.

А.С. Макаренконың көзқарасынша  өзін-өзі басқаруды әрекет тудырады, басқадай болуы мүмкін емес. Олай болса, өзін-өзі басқару тек ортақ мақсатқа жетудегі белсенді әрекеттің жемісі.

Өзін-өзі басқару ұйымының құрылымы негізінен 3 кезеңнен тұрады.

1.Сынып жағдайында өзін -өзі басқару:оқу, еңбек, көпшілік-мәдени, спорт секторларының жұмысы. Олардың жұмысына сынып кеңесінің төрағасы басшылық жасайды.

1. Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруы. Мұнда әрбір сыныптың өзін-өзі басқару ұйымының төрағалары мүше болады. Оны жалпы мектептің өзін-өзі басқару ұйымының төрағасы және оның орынбасары басқарады.

Олар тек оқушылар есебінен сайланады. Бүгінде мұндай дәстүрлі тәжірибе кейбір алдыңғы қатарлы мектеп практикасында «Парламент» түрінде өзінің жұмысын жалғастыруда. Оның жұмысына мектеп әкімшілігінің тәрбие жөніндегі орынбасары жетекшілік етеді.

3.     Мектеп жағдайында тең төрағалық басқару жүйесі арқылы атқарылады. Оның құрамына оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының атқарушы кеңесі мүшелері (тұрақты комиссиялардың бағытына байланысты шамамен -7 оқушы), кеңесші мұғалімдер – 5, ата-аналар-2 адам кіреді. Мұның қызметі негізінен мектептің даму болашағы мен оның өмірін жақсарту және шешім қабылдау мәселелерін стратегиялық жоспарлауды көздейді. 

Бүгінде оқушылардың өзін-өзі басқаруды дамытуда белсенділерді лидерлерді даярлау міндеті өзекті мәселе болып отыр. Ол үшін олардың мектеп, қоғам өміріндегі саналы көзқарастарын орнықтырып, олардың мектепті басқару ісіне еркін араласуына, әрбір оқушының әлеуметтену процесіне қатысуына жағдай туғызу қажет.

Оқушылар ұжымындағы өзін-өзі басқаруды дамыту үлгісін шартты түрде былай көрсетуге болады.

1.Әрекетің мақсатын анықтау. 

2.Ұжым болып мақсатты белгілеу (мақсатты ұжым болып талқылау).

3. Басқару мәселесін қою (идея ұсыну). 

4. Шешімді ұжым болып талқылау (жобасын немесе нақты бір нұсқасын таңдау).

5. Шешімді қакбылдау  (жобаны бағалау).

6. Шешімді жүзеге асыру(әрекетті пәрменді түрде ұйымдастыру).

7. Ұжым болып нәтижесін қортындылау(өздерінің мүмкіншілігін бағалау). 

Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру маңыздылығы

Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы.

Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.

Сыныптан тыс тәрбие  жұмыс – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.

Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан- жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.

Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып , қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.

Үшіншіден, сыныптан түс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады . Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі.

Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге  үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің  қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп спектакль қойды делік, онда өзара қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді. Сыныптың тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін бөлісу тәжірибесін меңгереді.  

Спорттық әрекетте балалар «бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін» деген қағиданың маңызын жете түсінеді.

Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады. Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзқарасы және сенімі болады.

Алтыншыдан,   сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді. Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте көп қиындықты туғызады. Мұндай ерекшелік сынып жетекшісінен табиғи жағдайда жұмыс жасауды, балалармен қарым-қатынаста немқұрайдылыққа жол бермеуді және оның нәтижесін бағалауда оларда шиеленіскен жағдайдың болмауын қажет етеді. 

Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұршылық өкілдері қатыстырылады.

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты және міндеттері  

Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған – балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Соған орай оның негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.

1.     Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзіне-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады. Себебі, тәжірибе көрсеткендей «қиын балада» өзі туралы жағымсыз көзқарас қалыптасқан. Соған орай дұрыс ұйымдастырылған сабақтан тыс тәрбие жұмысы оқу процесіндегі шектеуді жоюға мүмкіндік береді және баланың өзі жөнінде жағымды көзқарастың қалыптасуына, өзінің күш-қайратына сенімнің орнауына жағдай туғызады.

2.     Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасқан.

3.     Балада әртүрлі көркемөнер әркеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың дара ерекшеліктерін жіне қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру.  Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы қажет.

4.     Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілік , эмоционалдық, ерік-жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс жұмыста бала адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді. Эмоциялық сала шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады.

5.     Баланың таным қызығушылығын дамыту. Мұндай міндетте сабақтан тыс жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өйткені сабақтан тыс жұмыс сабақтағы тәрбиемен байланысты, мұндай көзқараста ол оқу процесінің нәтижесін арттыруға бағытталған. Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе, екінші жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.

Жоғарыда аталған міндеттер сабақтан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын анықтайды.Нақтылы іске, сыныпқа, мұғалім жағдайының ерекшелігіне байланысты олар нақтыланып, өзгертілуі мүмкін.

Тәрбие жұмысының формасы

Тәрбие оқу процесі секілді нақтылы қалыптасқан, мақсатты, жүйелі процесс. Егер де тәрбие жүйесінің формасы жайында әңгіме қозғасақ, қазіргі педагогика практикасында бірнеше ұғым қалыптасқан: «тәрбие жұмысының формасы», «тәрбие шаралары», «тәрбие ісі» т.б. Соған орай «Педагогикалық энциклопедия» сөздігінде «форм» ұғымына қатысты бірнеше түсініктеме берілген: 

1.    Заттың нұсқасы, сыртқы көрінісі, сыртқы кескіні;

2.    Белгілі бір мазмұннның сырқы көрінісі;

3.    Бір нәрсенің белгіленген үлгісі;

4.    Бір нәрсеге белгілі бір көрініс беруге бейімделу.

Сірә, солардың әрқайсысының мағынасы «тәрбие жұмысының формасы» және «тәрбие процесін ұйымдастыру формасы» деген ұғымдарды бейнелейтін секілді. Соған орай оны педагогикалық тұрғыдан қарастырсақ, онда тәрбие жұмысының формасы деп – бұл тәрбие процессінің мазмұнында өмір сүретін және көрініс беретін ұйымдастыру тәсілі. Онда белгілі бір құндылық ретінде (құқықтық, азаматтық, саяси, эстетикалық,адамгершілік ) пәнге, құбылысқа, оқиғаға, адамдарға және олардағы әрекеттестіктің қарым-қатыныстары ашық жарияланады. 

«Тәрбие жұмысының формасы» оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің компазициялық құрылымын, оның мазмұнын, атрибуттарын,әдістемесін, дайындық және өткізу технологиясын, педагогикалық талдауын анықтайды. 

«Тәрбие шарасы» топтық ұжымдық әрекет ретінде ұйымдастырылған тәрбие жұмысының жеке бір актісі ретінде қарастырылады.

«Тәрбие ісі» ұжымдық шығармашылық әрекеттің әдістемесінде шығармашылық әрекеттің субъектісі тұрғысынан қарастырылады- үлкендердің  (мұғалімдер, ата-аналар,жай қатысушылар) және тәрбиенелушілердің айтуы бойынша 

        Қазіргі тәрбиені ізгілендіру, мектепті демократияландыру, тұлғалық- бағыттаушылық көзқарас жағдайында тәрбие процесінің тек мақсаттылығы, мәні және мазмұны ғана өзгермейді, сонымен бірге тәрбиенің ұйымдастыру формасына тікелей қатысты оның әдістемесі де өзгереді.  

  Тәрбие жұмысының формасында оның мазмұны жүзеге асады. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушылардың теориялық білімін кеңейте, молықтыра түсуге лайықталып, оқушылардың жеке қабілетін дамыта түсерліктей болғаны жөн. 

        Тәрбие жұмысының әртүрлі формасын дайындау және өткізу барысында оның белгілі бір үлгісі жасалуы шарт.Ол тәрбие процесін сауатты және тиімді ұйымдастыруд қамтамасыз етеді. Оның елементтері мынадай болып келеді. 

Мақсаты мен міндеттерін анықтау. Мақсат- педагогтардың ұйымдастыруымен арнайы белгіленген істің нәтижесінің болжамы.  Мысалы, «Қайырымдық акциясы», «Ғылыми апталық» т.с.  

       Мақсат- тәрбие жұмысының формасында нақтыланады, өйткені бір актімен тәрбиелік ықпалды  қалыптастыруға болмайды.Яғни, тәрбиеші  мақсатқа жетуде бірнеше міндеттерді белгілейді.Мысалы, «Адамға музыка не үшін керек?»  тақырыбының мақсаты- оқушылардың музыкалық мәдениетін дамытуды көздесе, оның міндеттеріне:

1.     Оқушылардың музыкалық талғамы және қызығушылығын айқындау(сауалнама,әңгіме жүргізу, шығарма жаздыру, үнтаспа тыңдату арқылы);

2.     Музыка жайында көзқарастарын және түсініктерін қалыптастыру (кеш өткізу,кездесу ұйымдастыру, театрға саяхат жасау, байқау ұйымдастыру);

3.     Алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу: шараның мазмұнын, құралдарын анықтау, қонақтарды шақыру, тапсырмаларды бөлу, безендіру жұмыстары, тхабарландыру, жоспарын құру, оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау.

4.     Тәрбие шарасын өткізу. Оның кезеңдері:

7.  Шараның басталуы, психолгиялық көңіл күйді орнықтыру: әдеби –музыкалық, поэзиялық, драмалық безендіру, күй табақ немесе үнтаспа ойнату;

8.  Ұйымдастыру кезеңі: ұйымдастырушының сөзі, шараны ашу, мақсатын, барысын баяндау;

9.  Негізгі бөлім: шараның міндеттері,жоспарына сай мазмұнының баяндалуы, оқушылардың шығармашылық әректтері;

10.                    Қорытынды бөлім:шарны қорытындылау,оқушылардың алған әсерін талқылау, шешім қабылдау, марапаттау, тапсырма беру;

5.     Педагогикалық талдау жұмысы : шараның өту нәтижесін және оқушылардың белсенділігін бағалау, алдағы уақытқа бағдар құру, қолданылған тәрбие құралдары, амал тәсілдерінің нәтижелілігіне талдау жүргізу.Бұл жоғарыда тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әртүрлі формаларын ұйымдастырдық. Осындай қызықты ұйымдастырылған тәрбие жұмыстарының әртүрлі формалары оқушылардың жауапкершілігін арттырады, эстетикалық талғамдарын күшейтеді, сергектік сезімін, өзінің туған жеріне, өскен еліне, Отанға деген сүйіспеншілігінің артуына өз ықпалын тигізеді. 

                          Тәрбие сағатын талдау үлгісі

            1.Тәрбие сағатын ұйымдастырушының аты-жөні.

  2.Тәрбие сағаты қай сыныпта, қандай мектепте өтті.

  3.Тәрбие сағатының тақырыбы, мақсаты қандай?

  4.Тәрбие сағатының формасы және әдісі қандай? (кеш, конференция, пікірталас, әңгіме,жиын, жиналыс).

  5. Тәрбие сағаттарының міндеттері өткізіліп отырған сынып ұжымының мүддесіне сай келе ме?

  6.Тәрбие сағатының дайындық және өткізу кезеңдеріндегі оқушылар, сынып белсенділері және ұйымдастырушысының белсенділік деңгейі қандай болады?

   7. Тәрбие сағатын өткізу барысында қолданылған әдістер, көрнекіліктер, тхникалық құралдар, музыкалық шығармалардың маңызы, оларды қолдануда тәрбие сағатын ұйымдастырушысының шеберлігі қандай дірежеде болды?

    8. Тірбие сағатының мазмұны оның тақырыбы мен мақсатына сай келе ме?

    9. Тәрбие сағатының жоспарында көрсетілген кезеңдердің жүйелік, бірізділік қағидасы сақталған ба?

   10. Тәрбие сағатының өту барысында аудиториялық көңіл күй қандай болды?

   11. Тәрбие сағаты сынып ұжымына қалай әсер етті? Себебі.

   12. Тәрбие сағатын дайындау, өткізу барысында қандай кемшіліктер болды? Болса оларды болдырмау үшін қандай тілегіңіз немесе ұсынысыңыз бар?

  13. Тәрбие сағатында қолданылған көрнекіліктердің тартымдылығы, оқушылар ұжымына ықпалы қандай дәрежеде болды?

  14. Осы сынып ұжымымен келешекте өткізілетін тәрбиелік шаралардың мазмұны және бағыты қалай болуы керек деп ойлайсыз?   

Тәрбие сағатын ұйымдастыру жолдары

·        Пікірталас

     Оқушылардың адамгершілік түсініктері және сенімдерін қалыптастыруда тәрбие сағатын пікір талас түрінде өткізудің маңызы ерекше. Пікірсайыс – бұл жағдайда, оқушыларда егер талқыланып отырған сұраққа қатысты кейбір білім көлемі болса, сонда ғана ол нәтижелі болады. Пікірсайыс – бұрын өткізілген тәрбие сағаттарының жалпы алғанда белгілі бір көлемде нәтижесін, өміршеңдігін көруге мүмкіндік туғызады.

     Пікірталас -  оқушыларда қоғам және адамдар өміріндегі оқиғалар мен күнделікті тыныс-тіршілік жайлы лоардың көзқарастары мен сенімдерін, жоғары адамгершілік қасиеттері мен жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастырудың оңтайлы құралдары. Пікірталас барысында оқушылар қоғамдағы құбылыстар мен оқиғаларды, олардың себептерін терең анықтау, жолдастарының және айналасындағы адамдардың әрекеттерін терең сезініп, ұғынуға үйренеді. 

    Пікірталастың әңгіме тәсіліне ерекшелігі, онда сынып жетекшісінің қоғамдағы ортаға байланысты адамгершілік мәселелерін айқын меңгеруі. Соңынан, ол оқушылардың адамгершілік сенімдерін қалыптастырудың бірден бір құралы бола алады. Өйткені пікірталас кезінде оқушылардың көзқарасы кеңейіп, тіпті жай тыңдаушылар қатарында емес, соңынан оларды сөйлей білуге, өз ойларын жеткізе білуге, дәлелдей білуге, өз жолдастарының ойына салмақтылықпен пайымдауға үйретеді.

   Тәжірибелі сынып жетекшілері бүгінгі күннің көптеген өзекті мәселелерін оқушылар алдында көтере отырып, қаралып отырған сұрақ төңірегіндегі жағдайды лолардың анық аңғара, талдай білуіне, оның себебін анықтап, қортындылай білуге ықпал етеді. Пікірталастың мақсаты оқушыларды ұжым болып пікірталастыруға, алмасуға, өз ойларын нақтылы жеткізе білуге, ең негізгісі өз беттерінше ойлай білуге үйрету. Пікірталастыың табысты өтуінің негізгі шарты алдын ала дайындық жұмыстарының ұйымдастырылуына үлкен мән беріліп, оған жауапкершілікпен қарау. Сонымен жекелеген оқушыларға тапсырмалар беріледі. Олар онымен қажетті әдебиеттерді іріктеп алады да, оларды оқушыларға оқуға ұсынады және көрме ұйымдастырады. Көрнекті ақын –жазушылар, мемлекет және өнер қайраткерлерінің еңбектерінен тақырыпқа сай нақыл сөздерді жазып іледі. Пікірталас жүргізуші адамды тағайындауға да үлкен мән беру қажет.Ондай адам біреу немесе екеу боғаны жөн. Олар өздерін оқушылар алдында еркін ұстай білетін, таза және тілі жатық, әсерлі сөйлей алатын беделді баланы сайлағаны жөн.Пікірталас өткізу барысында баяндама жасалмайды. П.Т. мәдениетті түрде оған қатысушылардың бір-біріне көңілі қалмау керек.

·        Әңгіме

     Тәрбие сағатында ең көп қолданылатын тақырып- адамгершілік тәрбиесі. Соған орай этикалық әңгімені ұйымдастыру: жолдастық және достық, әділеттілік және әділетсіздік , қарапайымдылық және озбырлық , жомарттылық және қатыгезділік, біреуге шын жүректен жақсылық жасау қасиеттеріне қатысты мәселелер қарастырылды. Осы мәселелерге қатысты өткізілген әңгімеде оқушыларға жалпы адамдық мораль ұстанымдарын жақсы ұғынуға, өмір тәжірибесін дұрыс та, нәтижелі қорытуға көмектеседі.Мұғалімнің  әңгімесі оқушылардың жауаптары, пікірлермен ұштасып отырады. Мұндай әңгімені ұйымдастыруда, ең алдымен адамгершілік ұстанымдардың мазмұнын анықтап, түсіндіруден бастаған жөн.Әңгіме жүргізу негізінен бастауыш сынып оқушыларын қамтиды.

   Әңгіменің негізгі бағыттары мыналар:

·        Өз Отанына адал берілгендігі;

·        Өзі өмір сүріп отырған қоғамның идеологиясына шынайы сенімділігі;

·        Шыншылдығы;

·        Қайырымдылығы, қарапайымдылығы, адалдығы;

·        Саналы тәртіп пен мінез құлық, мәдениетіне жауапкершілігі;

·        Жолдастық, достық қарым-қатынастыққа адалдығы;

·        Немқұрайдылыққа және жамандыққа төзбеушілігі;

·        Еңбекке, еңбек адамдарына және халық мүлкіне ізгілікті қарым-қатынасы;

 Мұғалім әңгіме өткізу оқушыларға оқығандарынан әлденені оқып беруге, немесе еске түсіруге, адамдар арасындағы қарым-қатынастарға қатысты өздеріне белгілі бір оқиғаны өзіне алып, оған баға беруге ұсыныс жасайды. Егер әңгімелесу емін-еркін жағдайда өтсе және оқушылар өздерінің пікірлерін қысылмай-қымтырылмай айтатын болса, онда бұл пікірлердің қарама-қарсы болуы табиғи нәрсе.Қате пікір талқыға салынатын болсын, оқушыны қателігі үшін жазғыруға болмайды, оны да, басқа оқушыларды да дұрыс қорытындыға келуіне бағыттау керек.Бірақ мұғалім дайын қорытынды ұсынуға тиісті емес. Әңгіме өткізілгеннен кейін оқушыларға оның қаншалықты әсер еткендігі, олардың күнделікті өмірде: оқуда жолдастарымен қары-қатынастағы оның нәтижесінің сапасын бақылап, талдау жасап, соған қатысты келешекте тағ да басқадай нендей шаралар ұйымдастырылуы қажеттігіне көңіл бөлу керек.

·   Конкурстар

Мектепте өткізілетін конкурстар (бәйгелер) оқушылардың ой-өрісін, тапқырлығын, шеберлігін, қабілетін жетілдіру, шыңдай түсу мақсатын көздейді. Сондай-ақ оқушылардың конкурсқа қатысуы олардың жақсы мінез-құлықтарының қалыптасуына, басталған істі тыңғылықты аяқтап шығуына, ұжымдық іске жауапкершілікпен қарауға септігін тигізеді. Конкурсты шығармашылық сипатта ұйымдастырып өткізуге, әсіресе оны қызықты, әсерлі, тартымды, әзіл-оспақ араластыра жүргізуге көңіл бөлген жөн. Конкурстың түрлері әралуан: конкурс-викторина, конкурс- инсценировка, мәнерлеп оқу, фото-сурет.Конкурсты өткізбес бұрын, конкурстың түрі анықталып, оған қатынасушыларға қойылатын шарттар белгіленеді және соған сай кімдердің қатынасуы тиіс екендігі жайында алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Соған сәйкес хабарландыру ілініп, әділ қазылар тағайындалады. Конкурсқа қатысамыз деген командалар, ұйымдастыру тобына алдын ала тапсырыс береді. Сөйтіп жарысқа түсуші командалар сайысқа түседі. Мұның өзі командалар арасында өз намыстарын қорғау үшін шығармашылықпен, ізденіспен дайындық жұмыстарын жүргізуге және команда мүшелерінің өзара түсіністікпен жұмыс істеуіне ықпал етеді.

 Конкурсты өткізу барысында, жүргізуші оның өту шартымен, әділ қазылар алқасы мүшелерімен таныстыру жұмыстарын хабарлаудан бастайды. Содан кейін конкурсқа тапсырыс берген командаларды ортаға шақырып, оларды таныстырады. Конкурстың бағыты, формасына қатысты сұрақтар немесе тапсырмаларды командалардың орындауы, оның негізгі міндеті болып есептеледі.Конкурстың өту барысында әділ қазылар алқасы оның белгілі бір кезеңінде жоспарға сай сараптау, бағалау жұмыстарын жүргізеді. Соңында оның нәтижесі қорытыланып, марапаттау рәсімі атқарылады.

                            Оқушылардың сынып жиналысы  

Сынып жетекшісінің оқушылармен атқаратын тәрбие жұмысының негізгі бір формасы, түрі –сынып жиналысы. Онда оқушылар демократия, ашық қарым-қатынас, ынтымақтастық, дербестік және жауапкершілік қағидасын меңгереді.

      Сынып жиналысы – оқушылар ұжымында өзін-өзі басқарудың жоғары органы болып есептеледі. Оның негізгі міндеті – ұжым өмірін ұйымдастыру барысында оған қатысты негізгі мәселелерді талқылау. Соған орай, оның негізгі қызметі- ұйымдастырушылық және ынталандырушылық. Оның жұмысының нәтижелі болуы – ұжымды оң өзгеріске бағыттайтын нақтылы шешім қабылдау.

   Сынып жиналысы ұжым мүшелеріне тапсырма береді, белсенділерді тағайындайды, мектеп оқушылар ұжымының өзін-өзі басқару ұйымына өкілдік сайлайды, сыныптағы оқу, мәдени, спорт, тазалық секторлардың жұмыс жоспарын талқылап, оның барысы жайында есептерін тыңдайды.

 Сынып жиналысы  - тек бір мәселе жөнінде тақырыптық немесе бірнеше мәселені талқылау жайында сыныптың оқу-тәрбие жоспарын бекіту , сайлау ұйымдастыру, есеп беру жұмыстарын немесе жаңа мағлұматтарды тыңдау, атқарылған жұмыстардың нәтижесін талқылау.  

  Мақсатқа сәйкес кейбір сұрақтарды, мысалы сынып бөлмесін жөндеу жұмыстары, емтиханға әзірлік, мектепті бітіру кеші, жорыққа шығу, ұжымның болашақта алдында тұрған істерін шешу т.с.с. жұмыстарды ата-аналар және оқушылар немесе мұғалімдердің жиналысында бірігіп шешуді қарастырады.

  Сынып жиналысының тақырыптары ұжымда туындаған мәселелерге сәйкес жоспарланады. Маңыздысы, жоспарлау барысында оны талқылауда сынып белсенділері немесе сынып жетекшісінің басшылығымен оқушылардың өздері белсенділік танытқан жағдайда ғана нәтижелі болмақ.Сынып жиналысы айына бір мәрте өткізіледі.Сынып жиналысы – бұл оқушылар ұжымының өзіндік жұмыстарының формасы. Онда оқушылар мен ұстаздардың құқықтары мен теңдіктері сақталып, әрекеттері бірлікте болады. Соған сәйкес сынып жетекшісі, бір жағдайда, оған әкімшілік пен оқу мекемесінің өкілі ретінде қатысса, екінші жағдайда, сынып ұжымының тең құқылы мүшесі ретінде қатыса алады.Сынып жетекшісі оқушылармен қатар белгілі бір мәселеге дауыс бере отырып, оның орындалуына тікелей басшылық ете алады.

 Сынып жиналысын педагогикалық тұрғыдан нәтижелі ұйымдастыру, егер де мұғалім оның болашағын алдын ала бірнеше жылға дұрыс ойластырған жағдайда ғана болмақ.                        

   «Сынып жұмысын қалай ұйымдастыруға болады?» деген тақырыпта өткізілген сынп жиналысының үлгісі. 

       Мақсаты:  сынып белсенділерін сайлау және сынып ұжымының болашағын анықтау.

       Тәрбиелік міндеттері:

11.                    Балаларды бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу;

12.                    Олардың өзара әрекеттесу дағдысын қалыптастыру;

13.                    Оқушылардың өздерінің ойларын және көзқарастарын қорғау қабілеттерін дамыту.    

Күн тәртібі:

1.     Бүгінгі күні бізді толғандыратын мәселені анықтау. 

2.     Қаралып отырған мәселеге қатысты сұрақтарды талқылау.

3.     Сынып төрағасы мен хатшысын сайлау мәселесі.

4.     Болашақта атқарылатын жұмыстарды және сыныпта қаралатын жиналыс тақырыптарын әзірлеу.

5.     Келесі жиналысты әзірлеуге қатысты топты құру. 

6.     Өткізілген жиналыстың нәтижесін қорытындылау.

        Жиналыстың барысы:                        

1.     Жиналысты жүргізушінің сөзі: 

«Біз маңызды мәселені талқылауға жиналдық: бүгінгі күні бізді толғандыратын мәселені бірге анықтауымыз керек. Проблема туғызатын сұрақтарды құрастыру үшін, то-топқа бөлінеміз. Сұрақтарды талқылауға 5-7 минут беріледі ».

2.           Оқушылар проблеманы талқылау барысында қажетті сұрақтар ұсынады. Олар сынып тақтасына жазылады. Мысалы:

·   Біздің өмірімізді қалай қызықты етіп ұйымдастыруға  болады?

·   Артта қалушылықты болдырмас үшін не істеу керек?

·   Сыныпта қандай қоғамдық тапсырма болуы қажет?

·   Қалай немқұрайдылықпен күресуге болады?

·   Қандай ұжыммен немесе сыныппен достасуымыз керек және олармен қандай істерге қатысуымыз қажет? 

3.     Жиналыстағы талқыланып отырған мәселе қызықты және жемісті болуы үшін, төмендегі сұрақтарға жауап беруі қажет: 

1.     Жиналыс қалай және қандай формада өтуі тиіс?

2.     Талқылау барысында негшізгі басты мәселе не болуы керек?

3.     Жиналысты өткізу тәртібі қандай?   

 Оқушылар топқа бөлініп, бұл сұрақтарды шамамен 5-7 минут талқылап, соңынан өздерінің нұсқалаларын ұсынады.  

Оның тәртібі мынадай болуы мүмкін:

§      Сынайды екенсің- ұсыныс жаса;

§      Бір-біріңді жәбірлеуге жол берме;

§      Өзгелердің пікірін сыйла;

§      Қабылданған шешім орындалуы тиіс; 

4.     Ендігі жерде сынып жиналысын кімнің ұйымдастыруы тиістігін анықтайық. Ол міндетті түрде тұрақты жүргізуші болуы тиіс пе, әлде әрбір сынып жиналысында ауысып отыра ма? Өзнұсқаларыңды ұсыну барысында дәлелді жауап беріңіздер. Оқушылар өздерінің нұсқаларын ұсынады:  

-        Тұрақты жүргізуші сынып жиналысын қалай жүргізуді біледі;

-        Ол ауысып отыру керек, себебі ол жалғыз өзіне   


Просмотров: 16198
Дата создания: 17.01.2011
Дата редактирования: 17.01.2011

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource