Сабаққа ену және талдаудың жалпы әдістемесі

Сабаққа ену және талдаудың жалпы әдістемесі

Сабақты талдау түрлері

1.Жалпы психологиялық-педагогикалық талдау

1.1.Сабақтар жүйесінде осы сабақтың орны, мақсаттың дұрыс қойылуы.

1.2.Сабақты ұйымдастыру. Сабақ типі, құрылымы, кезеңдері, оның бірізділігі, уақытты жоспарлау, сабақ мазмұны мен құрылымының сәйкестігі. Сыныптың сабаққа дайындығы, бүкіл сабақ барысында оқушылардің белсенді жұмысы,   жеке , топтық, ұжымдық жұмыстардың үйлесімділігі. Сабақ тығыздығы, уақытты тиімді қолдануы.

1.3.Сабақ мазмұны. Ғылымилығы, әр кезеңде оқушылардың іс-әрекетіне тапсырмалардың дұрыс таңдалуы, бағдарлама талаптарына сай келуі, тәрбиелік бағыты, теориялық тәжірибесімен байланысы, оқушылардың өз білімдерін тәжірибеде қолдануға бейімдеу,  өткен тақырыптар мен байланысы, оқушылардің өз білімдерін тәжірибеде қолдануға бейімдеу, өткенді қайталау, пән аралық байланыс. Мұғалімнің сөйлеуі, сауаттылығы, эмоционалдығы, тіл байлығы, оқушылардің білім сапасы, біліктілігі (дағды мен әдет) сөйлеуі.

1.4.Сабақты өткізу әдістемесі. Сабақтағы құрал-жабдықтар, оның кезеңдерінде көрнекі құралдар, дидактикалық материалдарды қолдану, мұғалімдердің қолданған оқыту әдістері, олардың тиімділігі, сабақ мақсаты мен мазмұнына, оқушылардің  жеке  ерекшеліктеріне, дайындығына сәйкестігі, тиімділігі. Оқушылар алдына сабақ мақсатын қоюы, қорытындысын шығаруы, үлгермеушілермен жұмысы, белсенді оқыту әдістерін меңгеруі, осы әдістердің бұл сабақта қолданулуының дұрыстығы, оқушылардің білімін бағалау жүйесі, оның педагогикалық құндылығы.

11.5.Мұғалімнің сабақтағы қарым-қатынасы. Сыныптағы оқушылармен және  жеке  оқушылармен қарым-қатынас мәнері, стилі.

1.6.Сабақтағы оқушылардің жұмысы және мінез құлқы. Сыныптың және  жеке  оқушылардің белсенділігі, олардың сабаққа қызығушылығы, сабаққа, мұғалімге көзқарасы, тәртіптілігі, ұйымдасуы, сөйлеуі, сұрақ қоюы.

1.7.Сабақ бойынша жалпы қорытынды.

2.Сабақты әдістемелік талдау

2.1.Сабақтың оқыту мақсаты. Мақсат әдістемелік нұсқаудан алынған  ба немесе мұғалім өздігінен қойған ба? Өзі қойған жағдайда оның дұрыстығы. Сабақтағы мақсаттың орындалуы.

2.2.Оқыту мақсатына серіктес-демеуші және тәрбие, дамыту мақсаттарының шешілуі, оның дұрыстығы, негізгі мақсатқа сәйкестігі, орындалуы.

2.3.Сабақтың әдістемелік логикасы. Сабақ құрылымы, оның пәрменділігі, уақыттың тиімді бөлінуі, үй тапсырмасын тексеру тиімділігі, оқушыларге сабақ мақсатын қоюы, ынталандыруы, жаңа материалды беруі, оқушылар тарапынан оны түсінуі, қабылдауы, бейімділігін дамытуы.  Сабақтың нәтижелігі, мұғалімнің бағалау жүйесі, оқушылардің өзін-өзі бағалауы, үй жұмысын ұйымдастыруы.

2.4.Түрлі оқыту құралдарын қолдануы. Әр түрлі тапсырмалар, үлгілер, нұсқаулар, алгоритмдер, тірек желі, жоспар бағдарламалар, сөздік, т.с.с. қолдануы (өзін-өзі бақылау кілті, ақпарат көздері).

2.5.Әр түрлі әдістемелік тәсілдерін қолдануы. Қолданылған тәсілдердің сабақ мақсаты мен міндеттеріне сәйкестігі, дәлдігі, алыну себебі, тиімділігі.

2.6.Оқушылардің әр түрлі танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруды жүзеге асыру ( жеке , сыныптық, шептік жұмыстар).

2.7.Сабақтың мазмұндық логикасы, оның ақпараттық құндылығы.

3.Авторлық сабақты талдау

3.1.Авторлық әдістеменің қысқаша мінездемесі, оның мақсаты, принциптері жұзеге асыру жүйесі, қолдану шеңбері және жаңалығы.

3.2.Осы әдіс немесе оның элементі қолданылған сабаққа жалпы қысқаша мінездеме.

3.3.Аталған әдіс принциптерінің жүзеге асыру ерекшелігін ашу. Мақсат пен нәтижеге жету құралының ара қатынасы.

3.4.Сынып ұжымы ерекшелігіне қарай әдістің бейімделу дәрежесі.

3.5.Таңдап алынған әдістің нәтижелігі.

3.6.Аталған әдістің келешекте қолданылуына және таралуына байланысты нұсқау.

4.Сабақты салыстырмалы талдау

4.1.Сабақтың жалпы қысқаша мінездемесі. Мақсаты, міндеті, кезеңдері, құралдары, әдіс-тәсілдері, оқыту формалары.

4.2.Сабақты басқа сабақтармен (бүкіл бөліктегі, тараудағы, жылдағы) салыстыру.

4.3.Сабақтың басқа пәндермен байланысы.

4.4. Сабақтың сабақтан тыс оқушылардың тәрбие, дамыту іс-әрекетімен байланысы.

4.5.Сабақ мазмұнының аймақ, қала, ауыл, еліміз өмірімен, оқушыларды қоршаған орта, жанұясымен байланысы.

4.6.Жаңа материалдарды беру, меңгеру кезеңдерін ұйымдастырудағы және үйде материалдарды меңгерудегі өз бетінше орындайтын жұмыстардағы ілгерілеу.

4.7.Оқытуда құралды, әдістемелік тәсілдерді қолданудағы прогрессия. Оқулық пен басқа көздерден алынған қосымша материалдардың үйлесімділігі.

4.8.Сабақтар барысында  жеке  оқушыларға көңіл аударуды жүзеге асыру. Бақылау динамикасы.

5.Сабақты мақсатты талдау.

5.1.Бұл талдау мұғалімдердің оқытудың  жеке  әдіс-тәсіл құралдарын қолданудағы  жеке  оқыту технологиясындағы – авторлық, соның ішінде мұғалімдердің өздерінің жасақтаған шеберлігін анықтауға бағытталған.

5.2.Сабақтың жалпы қысқаша мінездемесі, сабақ мақсаты, міндеттері, кезеңдері.

5.3.Оқыту әдіс-тәсілдері, құралдарына жалпы мінездеме, қолдануы ( жеке  немесе барлық оқушыларға арналған ба).

5.4.Оқулық әдіс-тәсілдері құралдарының сабақ мақсатына сәйкестілігі.

5.5.Мұғалімнің жас,  жеке  сабақ мазмұнының ерекшеліктерінің ескерілуі, соған байланысты әдіс-тәсілдер, құралдарының бейімделуі.

5.6.Аталған, әдіс-тәсілдер, құралдардың оқытудың басқа әдіс-тәсілдер, құралдарымен үндесу мүмкіндігі.

5.7.Оқыту әдіс-тәсіл, құралдарды мұғалімнің қолдануда өзіндік қосқан үлесі.

6.Оқытудың авторлық әдістемесі сабағын талдау:

6.1.Авторлық әдістеменің қысқаша мінездемесі, оның мақсаты, принциптері жүзеге асыру жүйесі, қолдану шеңбері және жаңалығы.

6.2..Осы әдіс немесе оның элементі қолданылған жалпы қысқаша мінездеме.

6.3.Аталған әдіс принциптерінің жүзеге асыру ерекшелігін ашу. Мақсат пен нәтижеге жету құралының ара қатынасы.

6.4.Сынып ұжымы ерекшелігіне қарай әдістің бейімделу дәрежесі.

6.5.Әдістің нәтижелігі.

6.6.Аталған әдістің келешекте қолданылуына және таралуына байланысты нұсқау.

7.Педагогикалық қарым-қатынас негізінде сабақты талдау.

7.1.Сабақтың жалпы қысқаша  мінездемесі мақсаты, міндеттері, кезеңдері, құралдары, әдістері.

7.2.Педагогикалық қарым-қатынас стилі: орта мұғалім, оқушы –  жеке   тұлға , мұғалімнің басқарушылық жұмысының ашықтығы немесе тұйықтығы.

7.3.Педагогикалық қарым-қатынастың оқыту мақсаты, кезеңдері, әдістеріне сәйкестігі, монологиялық, диалогтық, топтық қарым-қатынас түрлері.

7.4.Қарым-қатынас хабардар болу, түсіндіру, бағалау, бір нәрсені анықтау (бағалау), дәлелдеуге бағытталуы.

7.5.Қарым-қатынас мақсаты, нақты, көңіл аударушылық, вербальды (сөзбен), вербальды емес, сөйлеу әрекетінің әр түрлі (жазу, оқу, аудирование сөйлеу) негізінде болды.

7.6.Қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу, оқушылардың сөйлеу мәдениеті, оған қойылатын талаптар. Оқушылардың ойлау белсенділігі, оның сөйлеудегі көрінуі.

7.7.Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті, мейірімділігі, серіктестігі сөйлеу және мінез-құлқындағы бірізділігі мен эмоционалдығының ара қатынасы.

7.8.Мұғалім мен оқушылардың сөйлеу уақытысы (салыстырмалы түрде).

7.9.Сабақта мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасына жағдайдың болуы (оқушылар қалай отыр, олар өзін еркін сезіне ме, олардың сөздік немесе сөздік емес іс-әрекеттері қаншалықта мақсатты, тиімді).

8.Физиологиялық-гигиеналық негізде сабақты талдау.

8.1.Сабақтың жалпы қысқаша мінездемесі.

8.2.Психологиялық, физиологиялық, гигиеналық негізде оқушылардың іс-әрекетіне қойылатын талаптар, оқу материалын меңгеруге оқушыларды ұйымдастыру мүмкіндігі. Зейінді шоғырландыру, қайта бөлу (перераспредаление) ерекшелігі, әр түрлі іс-әрекеттің алмастыруы.

8.3.Сынып мінездемесі, денсаулығының бұзылуы, дене және психикалық ауытқуы бар балаларға, топтарға сай нұсқаудың болуы, оның есебінің болуы.

8.4.Оқушылардың жас ерекшелігінің ескерілуі.

8.5.Қарапайым түзетуді жүзеге асыру мақсатында біліктілігін дамытуы (өзін-өзі бақылау).

8.6.Сынып бөлмесіне байланысты гигиеналық талаптардың сақталуы.

8.7.Сабақ кестесіндегі сабақтардың орнын анықтаудағы, психологиялық-гигиеналық талаптардың сақталуы.

Автор: МБЖИ
Просмотров: 34
Дата создания: 9 октября 2012 г.
Дата редактирования: 9 октября 2012 г.